Жаңалық Редакция таңдауы

Үкіметтің алдағы жеті жылдағы міндеті қандай?

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде өткен Президент сайлауы аясында Үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің кезекті отырысын аша отырып, Әлихан Смайылов Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жеткенін айтты.

Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халықтық коалиция ұсынған болатын және Қазақстан халқы жаппай өз қолдауын білдірді.

«Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру.   Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болмақ. Барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс. Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек. Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады», – деді Әлихан Смайылов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button