Жаңалық Редакция таңдауы

Дипломмен ауылға: жас мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Сенатта Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін мәлімдеді.

«Дипломмен ауылға» жобасы жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», – деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button