Жаңалық

Бала ділмарлар байқауы басталды

Шешендік өнер – халқымыздың баға жетпес бай рухани мұрасы. Ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінге жеткен қасиетті қазынасы.

Осы қазынамызды қазіргі және келер ұрпаққа насихаттау мен аманаттау мақсатында республикалық Абай атындағы мамандандырылған мектепте IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысады.

Шешендік байқау 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім жекпе-жек түріндегі шешендік сайыс. Қатысушылар жеребе арқылы тақырып таңдап жарты сағаттық жекпе-жек түріндегі шешендік сайысқа түседі. Онда көркемдік, жүйелілік, нақтылық, ой ұшқырлығы, тіл тазалығы, дауыс мәнері, сахна мәдениетін сақтауы сарапқа салынады.

ІІ бөлімде алдын-ала берілген би-шешендердің сөзін жатқа айтудан жарысады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен және алғыс хаттармен марапатталады.

Жүлде қоры:

Бас жүлде 100 000 тг

І орын 70 000тг

ІІ орын(екеу) 50 000тг

ІІІ орын(үшеу) 30 000 тг

Арнайы жүлде (бесеу) 20 000 тг

Тіл, сөз өнерінің майталман мамандары қазылық етіп, қатысушыларға дәріс оқиды. Байқауға үшінші жыл қатарынан «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» демеушілік етеді.

Шешендік сайысты өткізудің басты мақсаты – жаңа буын, жас ұрпақты тіл тазалығын сақтауға, мемлекеттік тілді мейлінше жетік білуге ықпал ету, шешендік өнер арқылы білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау, сөз құндылығын бағалауға, тәрихи-мәдени және ұлттық болмысын тануға бағыттау, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.

Орны мен уақыты: Алматы қаласы, Митин көшесі 6, 29-қараша, 09:00

Ұйымдастырушы: Абай атындағы РММИ

Байланыс: 8705 666 88 90 (Жарқын)

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button