Жаңалық Редакция таңдауы

2023 жылдан бастап жастарға мемлекеттік сыйлық тағайындалады

2023 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Жастардың мемлекеттік сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.

«Жазушылар мен драматургтерге берілетін «Айбоз» сыйлығы бар. Қазіргі таңда оған іріктеу жүріп жатыр. Ал композиторларды қолдау мақсатымен «Дала дауысы» жобасы қолға алынды. Ол байқау желтоқсан айында мәресіне жетеді. Мұнда да опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүрген сазгерлер марапатталады. «Республика әні» атты эстрадалық өнер жүлдесі тағайындалған. Осы сыйлықтар арқылы біз өнердің әрбір саласын қамтуды көздедік. Ауқымы үлкен болғандықтан «Umai», «Айбоз», «Дала дауысы» сияқты бірнеше тақырыпқа бөліп отырмыз», – деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, келер жылы мәдениет саласындағы жастарды қолдауға арналған жаңа сыйлық тағайындалмақ.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button