Жаңалық Редакция таңдауы

2023 жылғы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәміле саны

Бір жылда (2023 жылғы шілде 2022 жылғы шілдеге) жаңа тұрғын үйлерді сату 4,3% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 0,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы шілдеде 28,6% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімі бойынша көш басындағы қалалар: Семей (29,5%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (19%), Қостанай (16,6%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы (43,1%), Петропавл (40,3%), Көкшетау (37,1%) және Қонаев (36,1%).

2023 жылғы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәміле саны

Бір айдың ішінде (2023 жылғы шілде 2023 жылғы маусымға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,1%, пәтерлерді қайта сату 1,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 1,9% өсті.

2023 жылғы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәміле саны

 

2023 жылғы шілде айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 34 225 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 781 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 25 444 мәміле жасалды. 2023 жылдың маусымымен салыстырғанда (29 880) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 14,5%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 675 – 19,5%), Алматы (5 217 – 15,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 118 – 9,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 425 бірлік (1,2%).

2023 жылдың маусым айымен салыстырғанда шілдеде мәмілелер санының ең көп өсімі Астана қаласында (47,6%), Түркістан (39,4%) және Ұлытау (23,9%) облыстарында тіркелді, бір айдағы ең үлкен төмендеу Қостанай (8,1%), Қызылорда (5,5%) және Атырау (3,1%) облыстарында байқалды.

2023 жылдың маусымымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 15,7% (3 451 мәмілеге) өсті. Шілде айында пәтерлер бойынша барлығы

25 444 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, шілде айында олардың 9 779-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Астана (25,8%), Алматы (18,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (10%) тиесілі.

2023 жылдың маусым айымен салыстырғанда, шілдеде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 11,3%-ға ұлғайып (894 мәмілеге), 8 781-ді құрады. Оң көрсеткіш еліміздің барлық өңірінде орын алды.

2023 жылдың шілдесінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға өсті, ол кезде 30 393 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғарым өсім көрсеткіші Астана қаласында (52%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (25,6%) тіркелді. 2023ж. қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-шілде айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орын алды – 33,7% кем.

 

2023 жылғы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәміле саны

2023 жылғы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәміле саны

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

Тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері негізінде дайындалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button