ЖаңалықРедакция таңдауы

Ауыл оқушыларына арналған алғаш рет республикалық олимпиада өтеді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы енгізуде, деп хабарлайды ruh.kz.

Мұндай интеллектуалды сайыстар жаңа 2023-2024 оқу жылында алғашқы рет өткізіледі. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Ол аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.
Қорытынды кезеңнің қатысушылары Республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады. Сондай-ақ, тәлімгер-ұстаздар үшін де дайындық жиындарын өткізу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button