ЖаңалықРедакция таңдауы

Мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ға қысқартылды – Смайылов

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына айтты, деп хабарлайды Ruh.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде, – деді ол.

Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді.

Мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқартылды. Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады, – деді Смайылов.

Әлихан Смайылов аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылғанын айтап өтті.

«Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын бекіте отырып Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары іске асырылуда. Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно- және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға жеткізетін боламыз. Аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында өлім жазасы біржола жойылды, – деді Үкімет басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button