2024 жылы Үкімет қандай заң жобаларын әзірлемек?
Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: primeminister.kz
Әділет министрі Азамат Есқараевтың баяндауынша, келесі жылы цифрлық технологияларды, әлеуметтік саланы, зияткерлік меншік институтын, инновациялық қызметті, ғарыш саласын және т.б. дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр.
Бұл ретте 2 құжат – Цифрлық кодекс және нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасы бұрын реттелмеген қоғамдық қатынастарды регламенттеуге бағытталатын болады. Мәселен, Цифрлық кодекс үздік әлемдік тәжірибе талаптарына сай және осы саладағы нарықтың қажеттіліктері мен азаматтардың мүдделерін ескеретін заманауи құқықтық база құруды көздейді. Өз кезегінде нысаналы капитал қорлары туралы заң жобасы уақыт талаптарына сәйкес білім мен ғылымды дамытуға және университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді министр Есқараев.
Бірқатар заң жобасы Құқықтық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасынан шығып отырғанын айтты.