Жаңалық
Редакция таңдауы
Елімізде климат мәселесіне арналған саммит өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ саммитінде еліміз жаңа қуат көздерін дамытуға, жаңғыртуға және оны тасымалдау жолын әртараптандыруға баса мән беріп отырғанын атап өтті. Осы орайда, саммит қатысушыларына 2026 жылы Қазақстанда климат мәселесіне арналған аймақтық саммит өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: elordaaqparat
Біз геологиялық барлау, қуат өндіру істеріне озық тәжірибені және технологияны енгізуге айрықша көңіл бөлеміз. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар «жасыл энергетика» саласында бірлесіп жұмыс істегіміз келеді.
Мен биыл Қазақстанда Халықаралық энергетика форумын өткізуді ұсындым. Көтерілген мәселелерді форум кезінде кеңінен талқылауға болар еді. Қазақстан климаттың өзгеруіне және тұрақты даму қағидаттарына баса мән береді.
2026 жылы Қазақстанның бастамасымен климат мәселесіне арналған аймақтық саммит өткізу жоспарланып отыр. Түркі бауырларымыз бұл бастамаларды қолдайды деп сенемін, – деді Тоқаев.