Жаңалық
21 250 теңге кімдерге беріледі?
42500 теңгеге қосымша 0,5 (21 250 теңге) ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады
Карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 (21 250 теңге) ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады
Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
Төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады:
- мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100% -ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;)
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.