Жаңалық Редакция таңдауы

21 қазанда «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

2022 жылғы 21 қазанда сағат 15.00-де «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Астана қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптар үшін «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.

Қазақстанда қайырымдылық жасау мен оны дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды табу және ынталандыру, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылы «Жомарт жүрек» сыйлығын тағайындаған болатын.

Биылғы жылы конкурсқа 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар қатысты.

Марапаттау рәсімінде 5 номинация бойынша 50 жеңімпаз анықталды:
• «Жыл тұлғасы»
• «Жыл меценаты»
• «Туған өлке»
• «Жылдың үздік ұйымы»
• «Жылдың үздік қамқоршысы»

Марапаттау рәсіміне Президент Әкімшілігінің өкілдері, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес саласының, қайырымдылық және еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысады.

Өткізілетін күні: 21 қазан 2022 ж.

Уақыты: 15:00

Мекенжай: Астана қаласы, «Hotel Radisson Astana» қонақүйі, «Сарыарқа VI» залы

Журналистерді аккредиттеу сұрақтары бойынша 8 (705)500-69-66 байланыс нөмірі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button