Жаңалық
Редакция таңдауы
220 мыңнан астам педагог жалақысына қосымша ақы тағайындалды
Елімізде 220 мыңнан астам педагог аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оның ішінде педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді.
Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға өсті.