Жаңалық
Редакция таңдауы
25 тамызға дейін магистратураға түскендер тізімі жарияланады
![](/storage/storage/element/2022/08/09/mainphoto/xc1KV6yLxI9RzefaaavqJrSEUrwVRDoGyZzRnNUQ.jpg?time=1700885824)
«Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25 тамызға дейін жарияланады», делінген Ғылым және жоғары білім министрілгінің телеграм-каналында.
Айта кетейік, магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.