Жаңалық

«30 игі іс» марафоны аясында қайырымдылық шарасы өткізілді

Атырау облысының Әділет департаменті, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, Заң кеңесшілерінің палатасы, Адвокаттар алқасы және Нотариаттық палатасымен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек пен қолдау көрсету мақсатында азық-түлік қоржындарын таратты.

Аталған қайырымдылық акциясы Әділет департаменті үшін жыл сайынғы дәстүрлі шара.

Қиын уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болмайды. Үлкен буынға құрмет – халықтың мәдениеті мен тәрбиесінің бейнесі.

Карантин уақытында аса қажетті деп табылатын азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етілген отбасылар Әділет департаментінің ұжымына алғыстарын айтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button