Жаңалық

5 жасар бүлдіршіндер тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуда

Кілемдер, ойыншықтар мен фигуралар.

Алматылық 5 жасар бүлдіршіндер тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып отыр. Алатау ауданындағы балабақшада мұғалімдер жас өнертапқыштар үшін шеберхана ашып, балаларға пластиктен түрлі бұйымдар жасауды үйретуде. Онда негізінен бос бөтелкелер мен қақпақтарды пайдаланады екен. Қазақтың ою-өрнегімен нақышталған кілемді жасау үшін мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілер 7 мыңнан астам пластикалық қақпақты қолданған. Жасалу технологиясы да күрделі емес. Алдымен ұстаздар арнайы материалға эскизді бейнелейді, содан кейін оған балалар қақпақтарды жабыстырады. Барлық жұмыс орта есеппен екі аптаға созылған. Ерекше кілем массаждың рөлін орындайды. Балалар түскі ұйқыдан оянған соң, жалаң аяқ жүреді, бұл май табан болдырмайды және жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді дейді ұстаздар. Кілемнен бөлек, жас шеберлер ойыншықтар, фигуралар, сағаттар мен үйдің модельдерін де жасайды. Сондай-ақ балабақшада қақпақтар қалашығы бөлмесі де бар. Онда тәрбиеленушілер қақпақтарды түстерге сәйкес жинау қажет. Бұл саусақтардың моторикасын дамытуға, сонымен қатар күн сайын жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік береді. Өткен жылы мектепке дейінгі мекемеде 50 мыңнан астам қақпақ жиналған. Ата-аналардың айтуынша, мұндай жаңашылдық балаларына қатты ұнайды екен. Тіпті бүлдіршіндер үйде жүргенде де керексіз қалған заттардан бірнәрсе құрастырып шығаруды ойлайды дейді. Одан өзге балабақша тәрбиешілері әдеттегі ағаш үстелдер мен орындықтарды сатып алудан бас тартуды жоспарлап отыр. Енді олар пластик бұйымдарды қайта өңдеуді жалғастырып, одан  балалар жиһаздарын жасауды қолға алмақ.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button