Жаңалық

«60 сурет» көрмесі ашылды

Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері музейінде ҚР Көркем академиясының корреспондент мүшесі, ҚР суретшілер одағының мүшесі Бекенов Мұхтар Аппазұлының 60 жылдық мерейтойына орай «60 сурет» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында суретшінің туындылары мен шығармашылық өмір жолын таныстыру арқылы жастардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар өңір суретшілерімен өнер өкілдері шығармашылығының халыққа қолжетімділігін арттырып жақындату.

Көрмеде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына өнер иесінің таңдаулы 96 шығармашылық жұмысы ұсынылды.

Қыл қалам иесінің туындылары түрлі тақырыпты қамтиды. Мәселен, «Тозақтан жеткен көлік» картинасында суретші көріністі сәтті жеткізе білген.

Сондай-ақ «Жас ару» немесе «Камила» картинасындағы бойжеткеннің бейнесінде өзіндік «қолтаңбасы» байқалады.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button