Жаңалық Редакция таңдауы

83 мыңнан астам жәдігері бар мұражай

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі. 1920 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласы уездік халыққа білім беру бөлімі жанында құрылған музей 2020 жылы өзінің 100-жылдығын атап өтеді. 1920 жылдың 1 тамызынан бастап көрнекі құралдар музейінің меңгерушісі ретінде педагог және ғалым Иван Хохлов тағайындалады.

Бастапқы қордың негізін Көкшетау қаласының мектеп коллекцияларынан жинақталып, тапсырылған 120-дан астам музейлік маңызы бар заттар құрады. Жәдігерлер келушілер үшін білім беру бөлімінің бөлмелерінің бірінде орналасқан.

1944 жылы Көкшетау облысының құрылуына байланысты музей 1945 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейі деп өзгертілді.

1974 жылдан бастап музей Көкшетау қаласының орталық алаңына жақын орналасқан ғимаратта орналасады. Музей ғимараты – 1904 жылы салынған тарих және сәулет ескерткіші, мемлекеттің қорғауында болып танылады.

Бүгін, облыстық музей біздің өңірдің маңызды мәдени-білім беру орталықтарының бірі, сонымен қатар, облыстық мемлекеттік және қоғамдық музейлердің ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады. Бай қоры жыл сайын жаңа коллекциялармен толықтырылып, бүгінгі таңда 83 000 астам жәдігерлерді құрайды. Музейдің өлкенің тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми қызметі ұлттық тарихты дамытуға белгілі бір үлес қосуға мүмкіндік береді.

Музей коллекциясынан өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты және мәдениеті бойынша үздік жәдігерлер облыстық музейдің жаңа экспозициялық залдарында ұсынылады:
«Табиғи тарих». Палеонтология
«Ұлы дала өркениеті» (Археология, Этнография, Абылай хан)
«XIX ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы»
«XX ғасырдағы Ақмола облысының тарихы»
«Елбасы және Тәуелсіздік»
«Табиғат»

Музейде қор көрмелері, сондай-ақ, көркем және жылжымалы көрмелер ұсынылатын көрме залы жұмыс істейді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамына 7 филиал және 1 ашық аспан астындағы музей кіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button