Мақала

«Абай әлеміне саяхат»

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейі базасында «Абай әлеміне саяхат» клубтарының республикалық рухани орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев және рухани орталықтың президенті, сәулетші, ақын Сайын Назарбек пен қоғамдық ұйымдар қатысты. Аймақ басшысының орынбасары мен орталықтың президенті С. Назарбек ағамыз лента қиып, клубтардың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, салтанатты шарада клуб мүшелері Ұлы ақынның қара сөздерін үш тілде орындады.

 

«Білім орындарында «Абай», «Әбіш» кабинеттерін ашу бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда облысымызда 141 мектеп болса, соның 46-сында «Абай әлеміне саяхат» клубы жұмыс жасайды. Рухани орталықтың ашылуы Сайын Назарбек ағамыздың қолдауымен жүзеге асқан болатын», – дейді.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжақсы Тұржанова. «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелері Абай өлеңдері мен қара сөздерінен алынған 33 сөзді қазақ тілінде, Елбасы ойларынан алынған 12 сөзді және Абайдың қара сөздерінен алынған 45 ой үзінділерін үш тілде жатқа айта алатын болады.

 

Сондай-ақ, клуб мүшелері қаламынан шыққан туындылар «Абай деп соққан жүректер» атты жинағында жарық көріп, арнайы төсбелгі беріледі.

Рухани орталықтың міндеті – өнегелі һәм зерек жас ұрпақты тәрбиелеп, Абай арқылы қазақ елін әлемге танытуда бағыт-бағдар беретін клубтардың жұмысын үйлестіру.

 

Одан бөлек, жасы 80-ге таяған жазушы, драматург Сайын Назарбек ағамыздың сиясы кеппеген «Жеті күн, жеті ғасыр» атты ұрпаққа өнеге болатын кітабының тұсауы кесілді.

 

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button