Жаңалық

Абай Хәкімнің 175 жылдығына арналған онлайн айтыс өтті

Шет ауданы әкімдігінің қолдауымен «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-жыраулар мектебінің Абай Хәкімнің 175 жылдығына арналған облыстық онлайн айтысы өтті.

Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. 12 ақынның сөзі түйіскен жыр додасында жас ақындар суырып салма өнерлерін көрсетіп, әдемі әзілдерімен көзге түсті. Елдің көкейінде жүрген мәселелерді ақтарып, тамаша айтыс көрсете білді, – деп жазады Бахтияр Бекмурзаев есімді желі қолданушысы.

Бұл сайыстың бір ерекшелігі, бірқатар жас дарындардың жарқырап көрінгені болды, – дейді ұйымдастыру тобының өкілдері.

Ұлттық өнеріміздің өміршеңдігі жастардың жырға деген сүйіспеншілігінде.

Көпшіліктің көзайымына айналған айтыс өнері мен жас ақындардың алдағы жыр додаларына сәттілік тілейміз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button