Жаңалық
"Абай жолы" роман-эпопеясының аудиокітабы жасалды

Еліміздің бас романы “Абай жолының” аудионұсқасы жасалды. Оны белгілі диктор Нұрлан Өнербаев дыбыстады.
Аудиокітап “Қазақстанның ашық кітапханасы” – Kitap.kz порталына жүктелді. Уақытыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін AudioKitap мобильді қосымшасы арқылы тыңдауға кеңес береміз. Қосымшаны қолдану тегін.
Kitap.kz порталынан «Абай жолы» роман-эпопеясының тағы бір нұсқасын таба аласыз. Ол танымал диктор Аманжан Серіковтің дыбыстауында жазылған.
Өзіңізге ұнаған нұсқаны таңдап алып, аудиокітап тыңдаушылар қатарына қосылыңыз!
https://kitap.kz/audio-book/abay-zholy-roman-epopeyasy-zhanga-audionusqa-i-tom