Жаңалық

Абай кітапханасы жаңа форматқа көшті

Қала күніне орайластырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған зиялы қауым өкілдері, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының директоры К.Пикат арнайы келіп қатысты.

Жаңарған кітапхана аумағы кітап оқу, коворкинг аймақтары және кофейня секілді үш аймаққа бөлінген. Бұған қоса кітапхана ғимаратына Абай муралы салынған. Ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы ұжымға Yamaha музыкалық синтезаторын сыйға тартты.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, алдағы уақытта мегаполисте 10 кітапханада жаңғырту жұмыстары жүреді деп жоспарлануда.

Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button