Жаңалық
Абай муралын көрдіңіз бе?

Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы көп қабатты үйлерінің бірінде ғұлама, ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынға арналған муралдың ашылу салтанаты өтті.
Муралдың ашылу салтанатында аудан әкімі Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ақынның алып бейнесі Ақсай қаласына көрік беріп қана қоймай, көрген адамның көңіліне ерекше мақтаныш сезім ұялатады. Осы орайда Бөрлі Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесін жасақтады.