Жаңалық Редакция таңдауы «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Абай облысында 200-ден аса шабандоз қатысқан көкпар өтті

Абай облысының құрамында ширек ғасырдан соң қайта құрылған Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылында 200-ден аса шабандоз қатысқан республикалық деңгейде жаппай көкпар сайысы өтті.

Сайысқа Ақсуат ауданының ауылдарынан және Тарбағатай, Көкпекті, Самар, Ұлан, Аякөз аудандарынан, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан көкпаршылар келді.

Тартысты өткен сайыс қорытындысында 1- ші салым салған Ұлан ауданы көкпаршыларына 1-тай және 100 мың теңге, 2 -ші салым салған Сәтбаев ауылы көкпаршыларына 2 қой, 3-ші салым салған Тарбағатайдың Шорға ауылы көкпаршыларына 1 қой және 100 мың теңге, 4-ші Көкжыра ауылы көкпаршыларына 1 қой, 100 мың теңге, 5-ші Сәтбаев ауылы көкпаршыларына тайынша, 6 -шы Құмкөл ауылы көкпаршыларына 100 мың теңге, 7 -ші бас салым «Өгіз өлді» Сәтбаев ауылы көкпаршыларына автокөлік берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button