Жаңалық
Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.
Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.
Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.