Абай облысының оқушылары ақылды жылыжай жасап шығарды

10-11 сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынады. Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкністер мен жеміс-жидектерді суару технолгиясын жеңілдетеді. Олар заманауи технолгияны пайдалана отырып, топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Arduino сандық бағдарламасымен жасалған «ақылды жылыжай» веб-интерфейсы арқылы басқарылады.
Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез-келген мезгілінде, ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған.