Жамбыл облысы

ӘБДІҚАДЫР МЕШІТІ (XX ғ.)

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Абай көшесінде орналасқан XX ғ. басына тән сәулет өнері ескерткіші. Мешіт Әбдіқадыр атты кісінің каржысына салынған. XX ғасырдың 20-жылы бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жж. жөндеуден өткен. Тұйық периметр аумағында тұрғын үй, мешіттің намаз орны және шаруашылық-тұрмыстық орындар бар. Қазіргі уақытта мешіт аумағында жаңа медресе ғимараты салынды.

Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді аркалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған.

1990 жылы кіре беріс есігі қайта қалпына келтіріліп, екі жақ жақтауы өрнекпен қашалған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button