Жаңалық

«Әбу Насыр Әл-Фараби» тарихи драмасы сахналанды

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театры көрерменді жаңа қойылыммен қуантты, – деп хабарлайды Ruh порталы Шымкент қаласы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

«Әбу Насыр Әл-Фараби» тарихи драмасы карантиндік сақтық шараларын ескере отыра қойылды. Көріністе Орта ғасырдың философия мен ғылым әлеміне жаңа сілкініс әкелген ойшылдың өмірі суреттеледі. Ілім жолындағы ізденістері, адамзаттың бойындағы игі қасиеттері сөз болады.

Ұлы ұстаз, әлемге әйгілі ойшыл, филосов Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Ш. Құсайыновтың шығармасы Тұран даласындағы, Отырар қаласынан алыстағы, Шым шаһарына білім іздеп барған, медицина, математика, музыка, психология, астрономия, поэзия жайлы ғылыми еңбектерімен адамзатқа құнды қазына қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби жайлы тереңнен ой қозғап, кемеңгер ғалымның туған топырағына деген махаббаты мен сағынышынан сыр шертеді.

Қойылымдағы басты кейіпкердің рөлін Дүйсебек Аралбаев сомдайды.  Бұған дейін ханның да, қараның да кейпіне енген ол Әл-Фарабиді сомдау үшін 5 ай дайындалған.

Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры 87-маусым шымылдығын түрген болатын. Әртістер бұл тоқсанда халыққа 34 қойылым қойды. Бұдан бөлек, балаларға арналған 7 шығарма сомдалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button