Жаңалық Редакция таңдауы

Әдептіліктің 5 белгісін білесіз бе?

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деп бағалаған.

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.

  1. Мәдени орындарда танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, көрермендерге кедергі келтірмес үшін басыңызды изеп немесе жымиып амандассаңыз – жеткілікті. Сондай-ақ, театр спорттық киіммен баратын қоғамдық орын емес екенін ұмытпаған жөн.
  2. Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.
  3. Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүрген абзал. Қолды тізеде, не үстел үстінде ұстаған жөн.
  4. Дастарханға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана білген жөн. Сорпаны қасықпен бір ұрттағанда, ауызға сыятындай мөлшерде алу керек. Көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін білген артық болмайды.
  5. Қолды қалтаға салып жүруді ешқашан әдепке айналдырмаңыз. Бұл – мәдениеттілікке жатпайды.

Әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button