Жаңалық
Редакция таңдауы
Әдептіліктің 5 белгісін білесіз бе?
Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деп бағалаған.
Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
- Мәдени орындарда танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, көрермендерге кедергі келтірмес үшін басыңызды изеп немесе жымиып амандассаңыз – жеткілікті. Сондай-ақ, театр спорттық киіммен баратын қоғамдық орын емес екенін ұмытпаған жөн.
- Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.
- Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүрген абзал. Қолды тізеде, не үстел үстінде ұстаған жөн.
- Дастарханға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана білген жөн. Сорпаны қасықпен бір ұрттағанда, ауызға сыятындай мөлшерде алу керек. Көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін білген артық болмайды.
- Қолды қалтаға салып жүруді ешқашан әдепке айналдырмаңыз. Бұл – мәдениеттілікке жатпайды.
Әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн.