Жаңалық Редакция таңдауы

«Әділетті Қазақстан» идеясы Қазақстанның дамуына жаңа серпін берді - М.Әзілханов

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ҚХА

Кеңес отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша ҚР Парламенті депутаттық тобының қызметі талқыланды.

Жиында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов және Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Закиржан Кузиев өз баяндамаларын ұсынды.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Республика күні қарсаңында өткізілген бұл жиын ҚХА-ның алдағы жоспарларын тиімді жүзеге асыру тәсілдерін пысықтайды деп отыр.

Елімізде өткен конституциялық реформа, Президент, Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, Ұлттық құрылтай форумдары, «Әділетті Қазақстан» идеясы Қазақстанның дамуына жаңа серпін берді. Бұл – әділеттілік векторы, азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысуына ықпал ететін жаңа мүмкіндік, қосымша әлеуметтік және саяси лифт, – деді Марат Әзілханов.

Кеңес отырысында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер де қарастырылды және қатысушылар ҚХА төңірегінде өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің мәселелерін талқыға салды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button