Жаңалық Редакция таңдауы

Аида Балаева «Internews Network» өкілдігінің директорымен кездесті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Internews Network» өкілдігінің директоры Марат Бигалиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Министрліктің жетекшілік ететін салаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды жетілдіру, медиа-құқықты және медиа сауаттылықты дамыту, медиа мамандардың кәсібилігін арттыру сияқты тақырыптар көтерілді.

Кездесу соңында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Internews Network» өкілдігімен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуге ниеттіміз деді.

Өз кезегінде Марат Бигалиев мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

«Internews Network» — тәуелсіз БАҚ-ты қолдау жөніндегі халықаралық коммерциялық емес ұйым. Халықаралық ұйымның өкілдігі Қазақстанда 25 жыл бойы жұмыс атқарып жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button