Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығымен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Жас Алаш» газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Аида Балаева ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қайрат Матрековке, Алмас Нүсіпке, Сейсен Ұлықбек пен Нұрымжан Мауытовке «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, «Жас Алаш» газетінің басқа да қызметкерлеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады.
Министр газеттің 100 жылдығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл мерейлі датаны атап өтуге ерекше мән қосатындығын жеткізді.
«Жас Алаш» қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі», — деді ол.
Іс-шара соңында Аида Балаева басылымның барлық қызметкерлеріне кәсіби және шығармашылық табыс тіледі.