Жаңалық Редакция таңдауы

Аида Балаева кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Астанада Кітапханашылар күні қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстанның кітапхана саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараны ашқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева түркі ақыны Әлішер Науаидің: «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», – деген сөзін мысалға келтіре отырып, осы бағалы қазынаға қызмет көрсететін кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайы елдің өркендеуімен және Қазақстанның сенімді болашағымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Президент өзінің алдыңғы сөздерінде де кітапхана саласын дамытуға ерекше назар аударды. Осыған байланысты біз Президенттің барлық тапсырмаларын орындау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, – деді Аида Балаева.

Атап айтқанда, министр кітапханашылардың жалақысын 2025 жылға қарай 100%-ға арттыру мақсатында кітапхана қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 25%-ға ұлғайту жөніндегі жұмыс туралы айтты.

Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шаралар қабылданып отыр. Соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыс аясында 4,5 миллион кітап шығарылды, – деді министр.

Сондай-ақ оқырмандардың сұранысына сай кітаптарды басып шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу және ұлттық электрондық кітапхананы дамыту жұмыстары да жоспарланып отырғандығын айтты.

Еліміздің кез келген кітапханасының электрондық базасын қолжетімді ету үшін «Қазақстанның электрондық кітапханасы» жобасы аясында барлық кітапханаларды бірыңғай ақпараттық жүйеге қосу жоспарланып отыр, – деді министр Аида Балаева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button