Жаңалық

Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті

Бүгін ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кездесу барысында тараптар Министрлік жетекшілік ететін салаларға қатысты мәселелер қозғалды.

Министр ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жетімділік және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шаралар туралы айтты. Мәселен, Аида Балаева қоғаммен кері байланысты одан ары жақсарту мақсатында Министрліктің стратегиялық сессиялары қазір еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқанын атап өтті.

Сума Чакрабарти ел ішіндегі ақпараттық саясатты жүргізудегі ерекшеліктер мен Қазақстанды шетелде брендтеу сұрақтарына қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында Аида Балаева мен Сума Чакрабарти бірлескен жұмыстың барлық сұрақтары бойынша тұрақты түрде диалог жүргізуге келісті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button