Ақмола облысы

«Айдаһар үңгірі» тауы

«Айдаһар үңгірі» Зеренді ауданы, Үлгілі ауылында орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 270 м, ені – 70 м, биіктігі – 35 метр шамасында. Үңгірдің кіреберісінде қарағай мен қайың өсіп тұр. Сыртынан шағын болып көрінгенімен, оның ішіне айдаһар сыйып кететіндей соншалық үлкен екендігі байқалады. «Айдаһар үңгірі» деген атау содан пайда болуы мүмкін. Халық сенімінде үңгір «киелі орын» деп саналады.

Бір аңыз бойынша бұл үңгірде емші өмір сүріпті-міс, оның алдына бару қиынға соққанымен, жеткен адам кез келген ауруынан сауығып кететін болған. Халық емшісінің энергиясы осы үңгірде сақталып, ауруына шипа іздеген жандарға жәрдемін береді екен.

Зеренді ауданының тұрғындары мен туристер осындай табиғаты ғажап тамаша жерге рухани күш-қуат алу үшін келеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button