Жаңалық

Айдар, тұлым, кекіл, кежім. Салт-дәстүр.

Шығармашылық топқа сәттілік тілейміз. Ел кино қоржынын сапалы фильмдермен толтыра беріңіздер.

Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай Түркістанда «Екінші ұстаз» туралы тарихи 10 сериялы телехикаясы түсіріліп жатыр. Бұл қазақ киносында бірінші рет. Бұған дейін түрлі фильм түсіріп, елге танылған «САҚ» киностудиясы бұған дейін 10 сериялы «Төле би» туралы тарихи фильмді көрермен назарына ұсынған еді.

«Фильм қыс, көктем, жаз мезгілін қамтиды. Біз Түркістанда қыста да түсірген едік. Содан соң Бәйдібек ауданындағы Аппақ ишанда түсірдік. Мына жерде түсірілімді аяқтаған соң Шәуілдірдегі Отырар төбеде жалғастыратын боламыз», – дейді Б.Дәуренбеков.

Бұл – Қазақстан ұлттық телеарнасымен бірлескен жоба. Фильмді «САҚ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. Тарихи оқиғалар мен киелі орындарды қамтитын аталмыш фильм күз айларында көрермен назарына ұсынылады дейді фильм түсірушілер.

Сценарийін жазған – Бақытжан Құлжабаев. Продюссері – «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев. Ал режиссері – жұрт көңілінен шыққан «Төле би» сериалын түсірген, бірнеше анимациялық фильмнің авторы Батырхан Дәуренбеков.

Материал мен фотолар Турсынай Шаметованың әлеуметтік парақшасынан алынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button