Жаңалық

Айшолпан. Президентпен кездесу қарсаңында

Қазақтың құсбегілік өнерін әлемге әйгілі еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызын танымайтын адам жоқ. Атқа мініп, бүркітін баптап, аңға шыққан қаршадай қыз төл өнерімізді жалғап қана қоймай, оған қайта жан бітірді. https://old.baq.kz/kk/news/bilim__gilim/burkitshi_aisholpan_kazakstanda_bilimin_zhetildirmek20180924_122000” target=”_blank” title=”Бүркітші Айшолпан білімін Қазақстанда жетілдірмек Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.”>Айшолпан қазір елордада оқып жүр. «Spectrum» халықаралық мектебінде білімін шыңдап жүрген моңғолиялық қандасымыз спорттық, қоғамдық іс-шаралармен ғана шектелмей, мемлекеттік маңызды жиындарда да атсалысып жүр. Әріптестеріміз Айшолпанмен сұхбаттасып, бүркітші қыздың Қазақстандағы өмірі, оқуы және әрине – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өтетін кездесуі жайлы сұрастырған еді.

– Айшолпан, Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді. Осы шараға қатысады екенсіз…

– Иә, қатысамын. Елбасымен кездесу мен үшін үлкен бақыт. Әрине, президенттің алдына шығып, сөз сөйлеу мен үшін үлкен қуаныш.

– Толқып жүрген жоқсыз ба?

– Аздап толқып жүрмін. Президентті алғаш рет көремін.

– Биыл – Жастар жылы. Қазақстанда жастарға қандай жағдай жасалған екен, еліміздің жастары қандай екен?

– Негізі, Қазақстанның жастары өте мықты, еңбекқор деп айта аламын. Мақтан тұтамын.

– Мектеп қалай? Ұнап жатыр ма?

– Астанада «Spectrum» мектебінде оқып жүрмін. Мұнда келіп, білім алғаныма мақтанамын. Мені осында шақырған «Білім-Инновация» қорына және Дархан ағаға үлкен алғыс айтқым келеді.


Дархан Өте – «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті. «Spectrum» мектебі осы Қор құрамына кіреді. Аталған Қор Айшолпанға 2018 жылғы қыркүйекте грант берген болатын – автордан ескертпе.

– Мектептегі оқу кестесі қандай? Үйірмелерге қатысасыз ба, қай тілде оқып жатырсыз?

– Күні бойы мектепте боламыз. Мен көптеген үйірмеге қатысып жүрмін. Іс тігу, киім пішу, волейбол, домбыра және басқа да көптеген клубқа қатысамын.

– Ағылшын тілін қалай үйреніп жатырсыз? Сізді шақырған әлемдік университеттерге дайындық қалай?

– Ағылшын тілін жақсы үйреніп жатырмын. Сабақтың барлығы ағылшынша өтеді.

– Қиын емес пе?

– Жоқ.

– Сізге әлемнің беделді білім ордалары – Гарвард және Оксфорд ұсыныс жасап, шақырған еді ғой. Таңдау жасадыңыз ба?

– Жоқ, әлі таңдау жасаған жоқпын.

– Өткен жолы сізбен сұхбаттасқанымда тілмаш болғым келеді деп едіңіз…

– https://old.baq.kz/kk/news/all/profil_aisholpan_burkitteri_armandari_zhane_bauirlari20180925_211400” target=”_blank” title=”Профиль. Айшолпан. Бүркіттері, армандары және бауырлары Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.”>Иә, солай дегем. Мен негізі туризм жағымен, туризм мамандығымен кетемін деп ойлап жүрмін. Қазақ халқын, салт-дәстүрімізді өзім насихаттағым келеді. Дегенмен, таңдауым әлі де өзгеруі мүмкін. Мен әлі ойланып жүрмін. Ең басты мақсатым – ағылшын тілін жақсарту. Содан кейін барып, нақты мамандық таңдаймын.

– Қазір оқу орнының жатақханасында тұрып жатырсыз ғой? Қалай екен?

– Жатақхана жақсы. Негізі мен бірінші класымнан бастап үйімнен ұзақ жерде, жатақханада тұрып үйренгем. Осылайша, 12 жыл бойы жатақханада тұрып келемін. Маған осы жатақхана қатты ұнайды, екінші үйімдей. Апайларымыз анамыздай қарайды, аспазшылар да асын беріп, күтеді.

– Мектепте көп дос тапқан шығарсыз?

– Әрине, мектепте барлығы жақсы. Мені сыйлайды, сабақтарыма көмектеседі.

– Астана қалай? Қысы суық емес пе?

– Негізі, Астана мен үшін жылы. Өйткені, Моңғолияда бұдан да суық, мысалы, бізде 47-50 градусқа дейін аяз болады.

– Өткенде елордада да құсбегілікпен айналыса беремін деген едіңіз. Осы жақтан бүркіт таба алдыңыз ба?

– Бүркіт таптым. Қазір осы жақта көптеген бүркітшілер сайысына қатысып жүрмін. Мысалы, жақында Бурабайдағы жарысқа қатысқан едім.

– Бүркітіңіздің жағдайы қалай? Аққанатты жазда еркіндікке жіберемін деп едіңіз ғой?

– Иә, Алла қаласа, осы жазда еркіндікке қоя беремін.

– Биыл қазақстандық «Көшпенділер» деректі фильміне түстіңіз? Алған әсеріңізбен бөліссеңіз. Қалай түсірілді, ұнады ма?

– Фильм жақсы түсірілді. Маған ұнады. Қазақтар келіп, осындай қазақша фильм түсіргеніне мен өте қуаныштымын.

– Жалпы, осы уақытқа дейін қанша фильмге түсіп үлгердіңіз?

– Мен көптеген фильмге түстім. Олардың қатарында жапониялық туынды бар, өмірбаяным бойынша түсірілген америкалық «Бүркітші қыз» фильмі бар. «Бүркітші қыз» бүкіл әлемге танылды. Кейінгісі осы – «Көшпенділер» фильмі. Негізі, фильмдер көп.

https://www.youtube.com/embed/BpDzP59AGTg</a>” width=”97%”>

– Сіз 2018 жылғы қазанда Түркістан облысындағы Safari Shardara шарасына қатысып, ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін марапат алған едіңіз…

– Иә, https://old.baq.kz/kk/news/kogam_aimak/tuimebaev_aisholpandi_arnaii_siilikpen_marapattadi20181026_153100” target=”_blank” title=”Түймебаев Айшолпанды арнайы сыйлықпен марапаттады”>Шардарада болдым. Ол жер маған қатты ұнады. Сол жақта қазақтың салт-дәстүрі жақсы сақталған сияқты. Өзім солай сезіндім.

– Бұған қоса, Жаңа жыл қарсаңында Моңғолия президенті сізді «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттаған еді.

– Өткенде, Жаңа жылда https://old.baq.kz/kk/news/mongoliya_kazaktari/aisholpan” target=”_blank” title=”Айшолпан “>«Алтын жұлдыз» марапатын алдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Менің Моңғолияға көмегім тиіп, еңбегім сіңгеннен кейін берді.

– Тағы қандай марапаттарыңыз бар?

– Мен 13 жасымнан бастап бірталай жеңіске жеттім. «Бүркітші қыз» фильмі үздік атанды, 2017 жылы АҚШ-та «Азияның батыр қызы» деген сыйлық алдым.

– Өзіңізге қайсысы ыстық?

– Маған ең ұнайтын – жуықта алған «Алтын жұлдызым». «Батыр қыз» деген марапат та ұнайды. Дегенмен, 13 жасымда алғаш рет бүркітшілер тойына қатысып, 5 секунд рекорд орнатып, бірінші орын алғаным ерекше ыстық. Негізі, маған көптеген сыйлық қымбат.

– Бес секундта орнатқан рекордыңыз қандай еді?

– Бүркітті қолға шақыру, шырға дейтін бар. Сол сайыста бүркіттер иелеріне 10-11 секундта келген еді. Ал менің баптаған құсым 5 секундтың ішінде келді. Солайша рекорд жаңарттым.

– Байқағаным, көп жерде сіз өз ішігіңіз бен тымағыңызды киіп жүресіз…

– Ішікті де, тымақты да ақ түлкінің терісінен тіккенбіз. Менің анам оларды өзі жасайды. Қыста киілетін киім осындай. Өйткені, біздің жақта 40-50 градус аяз болғанда, соны кигенде суық өтпейді. Сол үшін түлкінің, құлынның терісінен тігіледі.

– Өзіңізді, өміріңізді, көзқарасыңызды 100 пайызға өзгерткен оқиға жайлы айтып беріңізші. Өміріңіздің осы арнаға бұрылуына себепші болған қандай жағдай деп ойлайсыз?

– Өмірімде мен ешқашан ойламаған нәрселер болды. Өйткені, мен былай әлемге  танылып, елдерді шарлап, осындай үлкен жақсы мектепте оқимын деп еш ойламадым. Менің өмірімді көптеген нәрсе өзгертті. Мен әрине қуаныштымын. Және, ата-анама алғыс айтқым келеді. Менің әр ісіме қарсы болмай, керісінше, қолдау білдірді. Негізі, көптеген кісілер маған қарсы болды. «Қыз бала үшін бүркіт ұстау өте қиын. Қыста, суықта жүре алмайсың» деді. Бірақ, ата-анам қолдаған соң мақсатыма жету үшін бар қиындықтан өттім.

– Қалай танымал болдыңыз?

– Ең басында 13 жасымда мені әлемге Израильдің азаматы таныстырған еді. Одан кейін 2014 жылы шілде айында америкалық режиссер Отто Белл келіп, фильм түсіре бастадық. Ол «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

https://www.youtube.com/embed/Vfi5JS6HTH0</a>” width=”97%”>

– Сіз бір сұхбатыңызда көре алмайтындар пайда болғанын да айтыпсыз. Қазіргі жағдай қалай?

– Негізі, әрине, басында өте қиын болды. Бес саусақ бірдей емес. Көре алмайтын кісілер, қызғанған кісілер көп болды. Қазіргі жағдайда барлығы мойындады. Өйткені, мен барлық жеңістерге жеттім, оларға көрсеттім. Енді барлығы мені мақтан тұтып, әрдайым, айтып жүреді. Бастапқыда мен ерлер жасаған нәрсені қыздар да талпынып, жасай алатынын дәлелдегім келген еді.

– Атпен тамаша шабады екенсіз. Кім үйретті? Қанша жасыңыздан бастап атқа мінуді үйрендіңіз?

– Мен 5-6 жасымда үйрендім. Әкем мені ат жарыстарына қатыстыратын. Негізі, мен кішкентай кезімде ұл бала құсап өскем. Содан кейін 8 жасымнан бастап бүркіт баптап үйрендім.

– Құсбегілікке де әкеңіз баулыды ғой?

– Негізі, бүркіт өнері, бұл жеті атамнан бері жалғасып келе жатқан өнер. Менің аталарым құсбегілікпен айналысты, олар әкеме үйретті, әкемнің бауырлары, ағалары барлығы – бүркітші. Солай жалғастырып келе жатырмыз. Қазір өз бауырларым да айналысады. Мен бүркіт ұстағаннан бері бүркітші қыздар да көп шыға бастады.

– Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек деп ойлайсыз?

– Әкем қыздарын қатал ұстайды, дегенмен ақылын, тәрбиесін айтып отырады. Сондай болу керек деп ойлаймын.

THE EAGLE HUNTRESS follows Aisholpan, a 13-year-old girl, as she trains to become the first.https://opt-1289284.ssl.1c-bitrix-cdn.ru/upload/medialibrary/7f0/7f0f7b08d1c4701f7aae295a6609c96a.JPEG?1548158854198624″ title=”Айшолпан Нұрғайыпқызы, Астана, 2019 жылдың 20 қаңтары. ©BAQ.KZ. Berkutschi Aisolpan. THE EAGLE HUNTRESS follows Aisholpan, a 13-year-old girl, as she trains to become the first.” />

– Өткенде қор ашқым келеді деп едіңіз…

– Мен жуықта өз атымнан қор аштым. Ең бірінші мақсатым – мешіт салу болды. Моңғолияда атамның атына мешіт салдық, Аллаға шүкір. Екіншіден, 2018 жылғы желтоқсанда «Aіsholpan Foundation» деген қор аштым. Ол Моңғолияда тіркелген.

– Қор қандай жұмыс атқарады?

– Моңғолияда көп адам кедей тұрады. Мен сол адамдарға көмектескім келеді. Және де, көп жас балалар оқи алмай жатыр. Соларға да мен көмек қолын созғым келеді. Кейде жастар теріс жолға – темекі тарту, арақ ішу жолына салынады. Мен олардың сондай болғанын қаламаймын. Сондықтан, мен біраз балаға сабаққа керекті сөмкелері мен кітаптарын, тамақтарын алып бердім. Яғни, Қор жұмысын бастап кетті. Мен осы жақта жүрсем де, әрі қарай әпкем, ата-аналарым жалғастырып, күнделікті жұмыс жасап жатыр.

– Тағы да қандай арман, жоспарларыңыз бар?

– Моңғолияда бір жер алып, сол жерде өз атымнан мектеп ашсам деген арманым бар. Сабағы, спорт жағы, барлығы тегін болса деймін. Яғни, балалардың сабақ оқып, бос уақыттарын дұрыс пайдаланғанын қалаймын.

– Сұхбатыңызға рахмет, армандарыңыз орындалып, жоспарларыңыз жүзеге аса берсін!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button