Редакция таңдауы
Жаңалық
Фото
«Ахмет және ұлттық болмыс» фестивалінің ашылу салтанаты өтті
Астанадағы А.Байтұрсынұлы атындағы Binom мектебінде «Ахмет және ұлттық болмыс» атты ІІ республикалық фестивальдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Республикалық фестиваль Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған.
Іс-шараның ашылу салтанатына «Ер қанаты» жобасының авторы, Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ басшысы Әділ Орынбасарұлы, Қостанай облыстық «Композиторлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, 350-ден аса ән авторы, композитор Қанат Едресов , А.Байтұрсынұлы атындағы Binom мектеп-лицейінің директоры Марс Аблезов қатысты.
Фестиваль тәуелсіз елімізде жаңаша мазмұнда білім беруді жан-жақты дамытып, бәсекеге қабілетті, өмір сүруге бейім, терең ойы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр.