Акселераторға 23 жоба іріктелді
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты өткізетін «Өзгерістердің саруарлары» конкурстық комиссиясының бірінші отырысының қорытындысы бойынша 23 әлеуметтік жоба іріктелді.
32 жоба қаралды, оның ішінде акселераторға 23 жоба іріктелді:
1. «Zhas coworking»;
2. «Кафе «Emoji» дәмханасы;
3. «Городская инклюзивная площадка как формат инклюзивного коммьюнити»;
4. «Саламатты болашақ»;
5. «Социальное кафе «Kunde»;
6. «Образовательно-реабилитационный центр с услугами перевозок»;
7. «Школа социальных фрилансеров»;
8. «Qoldau»;
9. «Инновационный социальный образовательный проект «Open English»;
10. «Информационно-образовательный портал «Inter-action»;
11. «Atamnyn Amanaty»;
12. «Учебный центр «Рухани жаңғыру»;
13. «Бастама жергілікті жерлерде /Инициативы на местах»;
14. «Қара шаңырақ»;
15. «Lingva Ten»;
16. «Загородный тур «Аах, звездопад!»;
17. «Экскурсионно-коммуникативный квест «Жетi Қазына»;
18. «ӨzgeEpic» заманауи өнер кеңістігі;
19. «Клуб исторической реконструкции»;
20. «Специальный показ фильма «Быть или не быть»;
21. «Благотворительный бал «Красота спасет мир»;
22. «Ecomek»;
23. «ASPARA fashion week Nur-Sultan».
Байқауға қатысуға өтініш бергендердің арасында неғұрлым танымал бағыттар инклюзивті білім беруді дамыту, бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттілікті дамыту және мәдениет, өнер және халық шығармашылығы, спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту болды. Сонымен қатар, акселератор ауыл шаруашылығы, өлкетану, білім беру туризмін дамыту, халықтың экологиялық мәдениетін дамыту және жүйелі жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту жөніндегі бағыттарды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобалар байқауы 2020 жылдың 15 қаңтарында басталған болатын. Қатысуға өтінімді 2020 жылдың 28 ақпанына дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 18:00-ге дейін) беруге болады.
Байқауға қатысу үшін https://learnopen.kz/accelerator сайтында тіркеуден өту қажет 1-қосымшаға сәйкес қазақша немесе орыс тілдерінде өтінім беруге болады.
Жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның екінші отырысы 2020 жылдың 5 наурызында өтеді.
Айта кетейік, конкурстық іріктеуден өткен және акселераторға кірген жобалар, жобаны ақпараттық қолдау, қаржыландыру көздерін іздестіруге, бизнес-жоспарды әзірлеуге, жаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздестіруге ықпал ету мүмкіндігіне ие болады.
ҚҚДИ – қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырушы барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету үшін құрылды. ҚҚДИ бағдарламаның арнайы жобаларын: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» қамтиды.