Жаңалық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түркология кафедрасы ашылды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, түрколог ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Ғалымның мұрасын ұлағаттауға арналған жиын барысында қара шаңырақта түркология кафедрасы ашылып, Түркі академиясы халықаралық ұйымымен меморандумға қол қойды.

«Ғұбайдолла Айдаровтың ғылымдағы орны өте үлкен. Шынын айту керек, ол бүкіл түрік халқының мақтанышы. Себебі оған дейін бұл саланы Еуропаның басқа ұлттары зерттеген. Біздің түрік балаларынан, тіпті, қазақ балаларынан ондай ешкім бола қоймаған», – деді филология факультетінің профессоры Самат Өтениязов.

Сондай-ақ, алқалы жиында көрнекті ғалымның ғылыми еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Осыдан 50 жыл бұрын басылып, бүгінде табыла бермейтін сирек кітапқа айналған іргелі еңбекті Халықаралық Түркі академиясы қайта жарыққа шығарып отыр.

«Іс-шараның біздің халқымыз үшін маңыздылығы Орхон-Енисей жазбалары деп ойлаймын. Бұл түріктік рухымызды көтеретін қадам болды. Сол қадамға кеңестік цензурадан қорықпай, 1937 жылдың ызғары тарқамай тұрған кезде, 1950 жылдың аяғында ағамыз барған екен. Сөйтіп осындай кітап жазған», − деді жазушы, драматург Смағұл Елубай.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button