Жаңалық Редакция таңдауы

Алдағы үш жылда 1,3 мың шақырымнан астам теміржол салынады - Мемлекет басшысы

Тоқаев агроөнеркәсіп және экспорт әлеуетінің толыққанды пайдаланылмауы көлік-логистика саласындағы шектеулер әсерінен дейді. Бұл туралы XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ақорда

Оның айтуынша, логистика және қойма жүйесінің тапшылығына байланысты Қазақстан мен Ресейде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығыны 40 пайызға жуықтаған. Сондықтан өнім сақтау инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде элеваторларды, көкөніс, жеміс-жидек қоймаларын көбейту екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты болу керек екенін атап өтті.

Қазақстан жуық арада климаттық бақылау жүйесі бар өнім сақтау қоймаларының сыйымдылығын 1 миллион тоннаға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Орталық Азия арқылы логистиканың жаңа бағыттарын дамыту және Қытаймен арадағы қазіргі көлік бағдарларының жүк өткізу мүмкіндігін арттыру ықпалдастықтың басым бағыттарының бірі бола алады. Осыған байланысты Каспий теңізіндегі Құрық және Ақтау порттарына ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қытай бағытында «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолын салу жобасын жүзеге асыруға кірістік. Жалпы, Қазақстанда алдағы үш жылда 1,3 мың шақырымнан астам теміржол салынады, – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button