Жаңалық

Әлем бойынша қанша адам әлеуметтік желілерді пайдаланады?

We Are Social халықаралық агенттігі сарапшыларының айтуынша, әлеуметтік желілердің ай сайынғы аудиториясы төрт миллиард қолданушыға жеткен.

Демек, әлем халқының 53%-інде интернет-профиль бар. Зерттеуге сәйкес тек соңғы бір жылдың өзінде 450 млн адам әлеуметтік желілерге қосылды.

«Болашақта Facebook, Twitter және тағы басқаларға күн сайын екі млн жаңа қолданушы қосылатын болады, бұл секундына 14 адамды құрайды», – дейді зерттеу авторлары.

Instagram аудиториясы өте жылдам өскен: соңғы үш айда ол 76 миллион жаңа қолданушымен толықты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button