Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемде сәбилердің тек 44 пайызы ана сүтін емеді

Жаһандық дағдарыс миллиондаған нәрестелер мен балалардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл жағдайда ең тиімді шешім - емізу. Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында ЮНИСЕФ және ДДСҰ үкіметтерді, әсіресе төтенше жағдайда өмір сүретін отбасылар үшін емізу бағдарламасын қолдауға көбірек ресурс бөлуге шақырады. Бұл туралы БҰҰ ресми сайты хабарлады.

Ауғанстанда, Украинада, Йеменде, Африкада және Сахелде төтенше жағдай кезінде емшек сүтімен емізу – нәрестелер үшін қауіпсіз, тойымды және қолжетімді азық-түлік көзі. Бұл аурулардан және дұрыс тамақтанбаудан сенімді қорғаныс. Емшекпен емізу сонымен қатар бала үшін алғашқы вакцина, ол балалар арасында тарайтын аурулардан қорғайды.

Дегенмен, төтенше жағдайлар кезінде аналардың эмоционалдық күйзелісі, физикалық шаршауы, жеке кеңістік пен жеке өмірдің болмауы және нашар санитарлық жағдай көптеген балаларды емшек сүтімен қоректендіру мүмкіндігінен айырып жататыны белгілі.

Жаңа туылған нәрестелердің жартысынан азы өмірінің алғашқы сағатында емшек сүтімен қоректенеді, бұл олардың ауру мен өлімге бейімділігін арттырады. Ал сәбилердің 44 пайызы ғана өмірінің алғашқы алты айында тек ана сүтімен қоректенеді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 2025 жылға қарай қойған 50 пайыздық межеден аз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын нәрестелерге арналған тағам синтиезінің агрессивті жарнамасы алаңдатуда.

Сондықтан ЮНИСЕФ және ДДҰ үкіметтерді, донорларды, азаматтық қоғамды және жеке секторды келесі бағыттар бойынша күш-жігерді біріктіруге шақырады:

  • әсіресе тұрақсыздық және азық-түлік қауіпсіздігі жағдайында емшекпен емізуді қолдау саясаты мен бағдарламаларына инвестициялауға басым көңіл бөлуге;
  • денсаулық сақтау және тамақтану қызметкерлерін аналардың баланы дұрыс емізуі бойынша сапалы кеңес беру үшін қажетті дағдылармен жабдықтауға;
  • емшек сүтін алмастырғыштар маркетингінің халықаралық кодексін, соның ішінде төтенше жағдайларда толық қабылдау және енгізу арқылы қамқоршылар мен медицина қызметкерлерін жасанды сүт өндірушілерінің әдепсіз маркетингтік әсерінен қорғауға;
  • аналарға бала емізу үшін қажетті уақытты, кеңістікті және қолдауды беретін отбасылық саясатты жүзеге асыру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button