Мақала

Әлемдегі ұлы жазушы Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған жеті музейдің бірі Қазақстанда

Әйгілі жазушы Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған әлемде жеті музей бар екен. Алтауы жазушыны туып-өскен Ресейде, біреуі Қазақстанда. Кешегі кемеңгердің ізі қалған Семей өңірінде орналасқан. Алаштың рухани астанасындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 7 мамырындағы шешімімен, 261 Қаулысы негізінде ашылыпты.

Фото: ашық дереккөзден

Музейдің негізі 1838 жылы салынған екі қабатты ағаш үй, Республикалық тарихи және мәдени маңызы бар нысан. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музей үйі, бұрынғы почташы Лепухиннің, 1857-1859 ж.ж Ф.М.Достоевский жалдап тұрған үй. XX ғасырдың жетпісінші жылдары екі қабатты үйге құрылыс жасалды, сонымен қатар скульптор Д.Элбакидзенің композициясы «Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің» қоладан жасалынған мүсіні қойылды. Бұл мүсін екі ұлы адамдардың достығының белгісі.

Федор Михайлович Достоевский 4 жыл Омбыдағы түрмеде отырып, кейін Семейге жіберілді. Онда ол 7-ші Сібірлік батальонында қызмет етуге тиіс болатын.

1854 жылдың наурызынан 1859 жылдың шілдесіне дейін Семейде бес жылдан астам уақытын өткізді. Осы уақыт ішінде ол қатардағы жауынгерліктен бастап, офицерлік шенге дейін өсті, және сонда ол өзінің бірінші әйелін кездестірді. 1857 жылдың ақпан айында Мария Дмитриевна Исаевамен некелесті. Отбасы үшін Крепостной көшесіндегі почташы Лепухиннің үйін жалға алып тұрды. Осы бір жарым қабатты үйден Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский музейінің тарихы басталады.

Әлемдегі ұлы жазушы Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған жеті музейдің бірі  Қазақстанда

Бұл үй, әлемде жазушының 150 жылдығы кеңінен тойланып жатқан кезде, 1971 жылдың 7 мамырында музей болып ашылды. Ашылу сәтіне дейін музей бес мыңнан астам құнды әдебиетті, 100-ден астам қолтаңбасы бар басылымдарды, әлем халықтарының тілдеріндегі ондаған Достоевскийдің кітаптарын жинады.

Қазіргі екі қабатты ғимарат жартысы ашық кітап түрінде салынған. Мұнда әдеби экспозиция, қор сақтау бөлімі, кинозал және ғылыми кітапхана орналасқан.

Қазіргі заманғы құрылыс пен мемориалдық үйді уақыттардың байланысы ретінде шыныланған вестибюль біріктіреді. Музей жанында мүсінші Д. Элбакидзенің "Ф.М.Достоевский мен Ш.Ш.Уәлиханов" қоладан жасалынған, тағдырлары осы жерден байланысқан орыс және қазақ халықтарының даңқты тұлғаларының мүсіндері орнатылған.

Өзінің тарихында музей жиырма жеті мыңдай керемет бай қорға ие болды. Музей қорында Ф.М.Достоевскийдің қолтаңбасы бар бірегей құжат сақталуда, сирек кездесетін басылымдары, жазушының шығармалары және оның замандастарының үлкен коллекциясы кітап қолтаңбалары, кең мемуарлы әдебиет, төңкеріске дейінгі әдебиеттану және т. б.

Жыл сайын он бес мыңнан жоғары келушілерді қабылдап, орташа есеппен мыңнан астам экскурсия жүргізеді. Көпшілік бөлімінің әртүрлі формадағы жұмыстары: тақырыптық экскурсия, сабақтар, дәрістер, әдеби-музыкалық кештер, балаларға арналған әдеби-ойындар, қала мектептері оқушылар арасында әдеби сайыстар, әр 2 ай сайын стационарлық жаңа көрмелер ашылған.

Музей қызметкерлері үлкен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырады. Ұзақ жылдар бойы мәдени ошақ жазушының шығармашылық әлемін зерттеушілер үшін үлкен ғылыми-анықтамалық орталық болып табылды. Музейдің басты мақсаты – қазақ жерінде әлемдік әдебиеттің ұлы данышпаны туралы естеліктерді сақтау.

"Семейдің тарихы көрнекті тұлғалардың аттарымен байланысты, Достоевский және Шоқан Уәлиханов сияқты данышпандар, бір ғасырда бір рет туылады» - деп Әлкей Марғұлан баға берген болатын.

Ф.М.Достоевский Омбы түрмесінде төрт жылдық ауыр еңбек аяқталғаннан кейін Семей 7 Сібір желілік батальонына солдатқа тапсырылды, онда ол 1854 жылғы 2 наурыздан бастап 1859 жылғы 30 шілдеге дейін алдымен қатардағы жауынгер, содан кейін унтер-офицер және соңында прапорщик болды. Семейде тұрып Достоевский қазақ оқығандарымен байланыс жасады. Бәрінен бұрын, тағдыр Достоевскийді Исаевтар отбасымен байланыстырды. Олар өте достық қарым-қатынаста болған. Федор Михайлович Александр Егорович Исаевқа үлкен жанашырлық танытты. Достоевский ішімдікке салынған Исаевты айыптамады, оның тағдырын айыптады. Исаевтар Кузнецкіге көшкеннен кейін, 1855 жылы 14 тамызда Достоевский Исаевтың қайтыс болғаны туралы біліп қатты қапаланады. Мария Дмитриевна Федор Михайловичтің назарында болды және оның өмірінде үлкен рөл атқарды. Оның тағдыры ұлы жазушының тағдырымен тығыз байланысты еді, ол Федор Михайловичтің жарына айналды. Осылайша, Федор Михайлович пен Мария Дмитриевна отбасын құрып, пошташы Лепухиннің үйінде тұрды. Бүгінгі күні бұл үй – Достоевскийдің мемориалдық музейіне айналып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button