Жаңалық Редакция таңдауы

Әлемдік аккордеоншылар байқауында жеңіске жеткен қазақстандық музыкантты білесіз бе?

«Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабы» айдарының келесі кейіпкері - Олжас Нұрланов.

Олжас – «74th Coupe Mondiale» Халықаралық Әлем кубогында 32 жасқа дейінгі аккордеоншылар арасында Senior Coupe Mondiale санатында жеңіске жетіп, осы беделді байқауда жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық музыкант.

Әлем кубогы (Coupe Mondiale) – аккордеоншылардың халықаралық конфедерациясы өткізетін жыл сайынғы баян және аккордеон орындаушылар арасындағы сайыс. Байқау алғаш рет 1938 жылы Парижде өткен. Бұл байқауда чемпион атағы үшін бүкіл әлемнің орындаушылары бақ сынасқан. Олжас өнер көрсеткен «Senior Coupe Mondiale» санатындағы байқау үш кезең бойынша өткен. Олжас байқауда Иоганн Себастьян Бах, Доменико Скарлатти, Франц Лист, Михаил Глинка шығармаларын, Владимир Золотарев пен Вячеслав Семёновтың баянға арналған төл туындыларын орындаған.

Олжас Нұрланов 1999 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 6 жасында «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» ММ-нің 1-сыныбына аккордеон сыныбына барған.

Олжас Нұрланов 30-дан астам халықаралық байқаудың лауреаты және 5 фестивальдің қатысушысы екенін айта кеткен жөн.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button