Әлемнің 100 үздік оқулығының 20-сы қазақ тіліне аударылды
Биылғы жылы «Жаңа гуманитарлық білім беру. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында 20 кітап қазақ тіліне аударылды. Көп кітаптар ағылшын тілінен аударылуда. Бұл туралы Ұлттық академиялық кітапханадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім болды.
Жалпы, бүгінгі таңда халықаралық конференцияға кітап саласындағы мамандар мен лигвистер қатысып жатыр. Олар қазақ тіліндегі 100 оқулық жобасының аспектілерін талдайды.
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығметов айтып өткендей, институт «Рухани жаңғыру» жобаларын талқылауға сарапшылық алаң құрды.
«Ең басты мақсат – гуманитарлық, әлеуметтік ғылым саласындағы жаңа білімді қазақ тілді аудиторияға жеткізу. Бұл – бірегей жоба. Бүгінде гуманитарлық, әлеуметтік ғылым саласында кітаптар шығып жатыр, біз Ұлттық аударма бюросы арқылы кітаптарды халыққа, жастарға жеткізе аламыз. Бүгін біз әрбір кітапты қалай аударамыз, оның әдеби мағынасын қалай жеткізетініміз бойынш а ойланып жатырмыз. Бұл шын мәнінде өте күрделі жұмыс», – деді Ғани Нығыметов.
Институт директорының айтуынша, мамандар барлық тұжырымдаманы қазақ тілінде жеткізе алады.
«Бұл саясаттану, әлеуметтану, философия, дінтану саласындағы кітаптар болып табылады. Бұл жоба жастарды жоғары деңгейге көтеріп, олардың бәсекеге қабілеттігін арттырады. Бізге қазіргі заманғы білім керек. Биыл 20 кітап аударылды. Келесі жылы осы норма орындалады, жоспар бойынша 20-30 кітап болып отыр. 100 кітап деген жоспарлы түрде, одан да көп аударылуы мүмкін. Ең бастысы Аударма бюросы құрылды, ол мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді», – деді Ғ.Нығыметов.
Ақбота Күзекбай