Әлеуметтік желі пайдаланушыларының портреті (сауалнама)
«Қоғамдық сананы жаңғырту» әлеуметтік зерттеу орталығының 18 жастан асқан аудиторияға жүргізген жаппай сауалнама нәтижелері:
Әйелдердің 63,7%-ы және ерлердің 59,8%-ы әлеуметтік желіні күніне бірнеше рет пайдаланады.
Әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары 18-29 жас аралығындағы жастар (74,9%), аға буын көрсеткіші (60 жастан жоғары) жастардан едәуір төмен (28,9%).
Жастар Instagram (85,0%) және ВКонтакте (53,8 %) желілерін белсенді пайдаланады.
30-59 жас аралығындағы халықты Facebook (27,6%) және Одноклассники (16,7%) желілері қызықтырады.
Whatsapp-ты қазақстандықтардың көпшілігі пайдаланады (ерлердің 92,7% және әйелдердің 90,8%).
Facebook-ті ерлер таңдаса (29,0%), әйелдер көбінесе Одноклассники-ды таңдайды (17,9%) екен.
Жастар (18-29 жас) әлеуметтік желіні достары жайлы ақпарат алу және достарымен өздері туралы ақпаратпен бөлісу үшін пайдаланады.
Орта жастағы топ өкілдері әлеуметтік желілерді қарым-қатынас жасау үшін, елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алу үшін пайдаланады.
Орта білімді (67,6%) және жоғары білімі бар (65,1%) қолданушылар әлеуметтік желілерді күніне бірнеше рет белсенді түрде пайдаланады.
Үйленбеген және тұрмыс құрмаған респонденттер әлеуметтік желіні жиі пайдаланады (73,7%).
Әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары мемлекеттік қызметкерлер (75,0%), сауда саласының қызметкерлері (77,4%), өз бетінше жұмыс істеушілер (76,6%).
Жаппай сауалнамаға халықтың 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Зерттеу географиясы 14 облыс және Республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сауалнама 2020 жылы жүргізілді.