Жаңалық

Әлеуметтік медиадағы маркетинг. NASA мысалы

Брендтің Facebook, Instagram, Twitter, Google+, YouTube, Snapchat, Pinterest, LinkedIn немесе басқа да әлеуметтік медиадағы парақшаларына сілтеме жасамайтын веб-сайт немесе дәстүрлі медиадағы жарнама табу қиын.

Әлеуметтік медиа тұтынушылармен өзара әрекеттесуді жақсартып, кеңінен тартуға және адамдардың брендті талқылауына керемет мүмкіндіктер береді. Кейбір әлеуметтік медиа шынымен алпауыт, мысалы, Facebook желісінде ай сайын белсенді 1,59 миллион адам отырады. Instagram айына белсенді болатын 400 миллион қолданушы, Twitter – 315 миллион, Google+ – 300 миллионнан, Pinterest – 100 миллионнан астам қолданушы тартады. Reddit әлеуметтік жаңалықтардың жаңа онлайн қауымдастығына ай сайын 185 елден 234 миллион бірегей қолданушы кіреді. Онлайн Facebook, Twitter, Pinterest, YouTube, Google+ және мобайл сайттарда кеңес, іс-шаралар және тілектестік бөлісетін 20 миллионнан астам ана қатысатын онлайн қауымдастық – CafeMom сияқты шағын әлеуметтік медиа сайттары да дамуда.

Құмарпаз құсбегілерге арналған Birdpost.com немесе тоқымашыларға арналған Ravelry.com сияқты шағын сайттар да белсенді аудитория тарта алады. Онлайн әлеуметтік медиа жұрт өзара байланыс орнататын және өміріндегі маңызды ақпарат пен сәттерді ортаға салатын цифрлық үй сынды. Нәтижесінде олар маркетологтарды реал тайм маркетингке (RTM) арналған таптырмас платформамен қамтамасыз етіп, яғни реал таймда маңызды танымал тақырыптарға, әлемде болып жатқан оқиғаларға, жағдайларға, жеке басының оқиғаларына немесе тұтынушылар өміріндегі маңызды оқиғаларды брендтермен байланыстыру арқылы тұтынушы тартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медианы пайдалану – Facebook парақшасында лайк жинау, Twitter желісінде месседжіңді көп бөлісу не YouTube арнасына видео жариялау үшін конкурс не өнімді ілгерілету сияқты қарапайым шараларды қамтуы мүмкін. Бірақ қазіргі таңда ірі ұйымдар мұқият интеграцияланған әлеуметтік медиа платформаларын жиі пайдаланады. Мысалы, NASA ғарыш агенттігі ғарышты зерттеушілердің болашақ ұрпағына «адам аяғы баспаған жерге тайсалмай бару» миссиясын үйрету мақсатында түрлі әлеуметтік медианы пайдаланады. Жалпы алғанда, NASA агенттігінің түрлі тақырыптар мен цифрлық платформаларды қамтитын 480-нен астам әлеуметтік медиа аккаунты бар. Агенттіктің Facebook парақшасында 14 миллион, Twitter парақшасында 14,5 миллион, Instagram парақшасында 8,8 миллион қолданушысы және YouTube арнасында 76 мың жазылушысы бар.

«100 жаңа оқулық» жобасына енген «Маркетинг негіздері» кітабынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button