«Алғашқы жұмыс орны»: жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік
ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылатын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылуда.
Аты айтып тұрғандай, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бірінші кезекте жастарды қолдауға бағытталған. Заман көші алға жылжыған сайын жұмыс берушілер жаңадан оқу бітірген жас мамандарға көптеген талап-тілектерін қойған сәтте жастардың тауы шағылып қалатыны жасырын емес.
«Алғашқы бос жұмыс орны » жобасы — жұмыс іздеп жүрген түлектер мен 29 жастан аспаған жұмыссыздар, оның шінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. Сонымен қатар, көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.
2022 жылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі 12 және 18 айға дейін ұзартты, сондай-ақ жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін артты.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Қандай құжаттар қажет:
- жеке куәлік
- еңбек өтілін растайтын құжат
- білімі туралы дипломының көшірмесі
- арнайы білімін немесе кәсіптік дайындығын растайтын құжат
Жобаға қатысу үшін өтінішті тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына өткізу қажет.