Жаңалық
Алматыда бауырсақ фестивалі өтті
Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғырту және насихаттау. Жаңа пісірілген бауырсақтар №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына таратылды.
«Алматы қаласы Әуезов ауданында бауырсақ фестивалі өтті. Тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, оның жасалу жолдарымен танысты», – деп жазды аудан әкімі.